1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, «AMANAT» партиясының Еңбекшіқазақ аудандық филиалының бастамасымен аудан аумағындағы 26 бастауыш партия ұйымына балаларға арналған сыйлықтар таратылды.Шара аясында әр округтің бастауыш партия ұйымының төрағалары өз аумағындағы бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтарды табыстап, мерекелік көңіл күй сыйлады. Бұл – партияның жас ұрпақтың болашағына бейжай қарамай, әр округтегі балалардың қуанышына ортақтаса білгенінің нақты көрінісі.Табиғат аясында өткен бұл игі бастама – мейірімділік пен ортақ жауапкершілік құндылықтарын насихаттауға бағытталған. Осын...